USD
USD
USD

Бейжің Олимпиадасы: Абзал Әжіғалиев төртінші орынға ие болды

Бүгін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев үздік төртінші орынға ие болды.

 Бейжің Олимпиадасы: Абзал Әжіғалиев төртінші орынға ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Финалдық додада Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, өкінішке қарай жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады.

Аталған қашықтықта алтын жүлдені Венгрия, күмісті Ресей, қоланы Канада спортшылары иеленген.

Абзал Әжіғалиев қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан болатын.

Әзірге, Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт- трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес. Сондай-ақ осыған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан финалда бақ сынап, сегізінші орын алды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі