USD
USD
USD

Бейжің-2022: Рақпаров Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады

Бүгін Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы қоссайысынан үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің-2022: Рақпаров Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Шаңғы қоссайысының екінші кезеңінде, гундерсен жүйесі бойынша (10 шақырым) сынға түскен отандасымыз Шыңғыс Ракпаров мәре сызығын жеңімпаздан 7:35,2 есебімен ұтылып, 43-ші болып мәреге жетті.

Гундерсен жүйесі бойынша қудалау жарысы. 10 км.

Ерлер Жарыс қорытындысы:

1. Йорген Нюланд Гробак (Норвегия) – 27:13,3

2. Йенс Лурос Офтебру (Норвегия) +0,4

3. Акито Ватабе (Жапония) +0,6

...43. Шыңғыс Рақпаров (Қазақстан) +7:35,2

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың бірінші бөлігінде (К-125 үлкен трамплинмен секіру) Шыңғыс Рақпаров 69,6 ұпай (111,5 м) жинап, 38-ші орынға ие болған. Бұл Рақпаровтың Бейжің Олимпиадасындағы соңғы мүмкіндігі болатын. Алайда жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur