USD
USD
USD

Бейжің-2022: Олимпиада алауын жағу эстафетасы 2-4 ақпанда өтеді

2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының алау жағу эстафетасы 2-4 ақпан аралығында өтеді. Оған 1 мың 200-ге жуық адам қатысады.

Бейжің-2022: Олимпиада алауын жағу эстафетасы 2-4 ақпанда өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, қысқы Олимпиада ойындарының Алау эстафетасы коронавирустық пандемияға дейінгі алдыңғы олимпиадалардағы дәстүрлі шерулерден өзгеше болады.

Эстафета өз жолын Қытай астанасында олимпиадалық орман саябағынан бастап, қысқы Олимпиада паркіне барады, ол жерден алау роботтары Юндин өзенінің астында отты алмастырады.

3-4 ақпанда алау Ұлы қытай қабырғасында, «Фулун» тау шаңғысы курортында, жазғы император сарайында, Олимпиадалық орман саябағында және «Гранд-канал» саябағында болады. 24-інші қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар