USD
USD
USD

Бейжің-2022: Қазақстандықтар Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

 Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3-ші ақпан күні бастайды. 

Бейжің-2022: Қазақстандықтар Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олимпиада оындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі: 3 ақпан Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу Могул, ерлер. Бірінші іріктеу 5 ақпан Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал 6 ақпан Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал. Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза