USD
USD
USD

Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жүлдесіз қалды

 Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старт жарысының жеңімпаздары анықталды. 

Бейжің-2022: Қазақстандық конькишілер жүлдесіз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өкінішке қарай жартылай финалда үздік 16 спортшының қатарына енген отандасымыз Надежда Морозова финалда 15-ші орынға табан тіреді. Осылайша бүгін конькимен жүгіруден ел намысын қорғаған атлеттеріміз жүлдеден тыс қалды. Бұл сында Бейжің Олимпиадасының алтын медалін голландиялық конькиші Ирен Схаутен қанжығасына байласа, күміс жүлдеге канадалық Ивани Блонден иелік етті. Үздік үшінші орынды италиялық Франческа Лоллобриджида жеңіп алды.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында масс-старт жарысында Қазақстан сапынан Дмитрий Морозов қатысты. Ол жартылай финалда мәре сызығын 10-шы болып кесіп өтті. Бұл нәтиже отандасымызға финалға шығуға мүмкіндік бермеді.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur