USD
USD
USD

Бейжің-2022: «Бір күнде 3 алтын» алған Норвегия жеке дара көш бастады

 Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында Норвегия құрамасы бір күнде 3 алтын медаль жеңіп алып, жеке дара көш бастады.

Бейжің-2022: «Бір күнде 3 алтын» алған Норвегия жеке дара көш бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы медальдар кестесінде өзгерістер көп болды. Норвегия құрамасы бір күнде үш алтын, екі күміске қол жеткізіп, жүлде қорын байыта түсті. Олардың еншісінде қазір 12 алтын, 7 күміс, 7 қола (26) бар. Екінші орында тұрған Германия құрамасы да бүгін қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды. Олардың еншісінде 9 алтын, 6 күміс, 3 қола (18) медаль бар. Ал үздік үшінші орынды 7 алтын, 6 күміс, 4 қола (17) медальмен АҚШ құрамасы түйіндеп тұр. Бүгін олардың қоржыны тек бір қола медальмен толықты.

Медаль көрсеткішімен үздік ондықта тұрған елдер:

1. Норвегия - 12 алтын, 7 күміс, 7 қола

2. Германия - 9 алтын, 6 күміс, 3 қола

3. АҚШ - 7 алтын, 6 күміс, 4 қола

4. Австрия - 6 алтын, 6 күміс, 4 қола

5. Нидерланд - 6 алтын, 4 күміс, 3 қола

6. Қытай - 6 алтын, 4 күміс, 2 қола

7. Швеция - 5 алтын, 3 күміс, 3 қола

8. Швейцария - 5 алтын, 0 күміс, 5 қола

9. Ресей - 4 алтын, 7 күміс, 9 қола

10. Франция - 3 алтын, 7 күміс, 2 қола

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін Олимпиада медаліне қол жеткізген елдер қатары 26-ға жетті. Оның ішінде 21 мемлекеттің қоржынында алтын медаль болса, 23 мемлекетте күміс жүлде бар. Сондай-ақ, Бельгия, Латвия Польша және Эстония елдерінің қоржындарында бір-бір қола медальдан бар. Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос.

Қазір оқып жатыр

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД

Қазақстанда төрт фармацевтикалық компания қолдан жасалған, қауіпті дәрілер сатып келген

Контрабанда

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті