USD
USD
USD

Бейтаныс әйел 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен

29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Бейтаныс әйел 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені  шайханаға  тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел  баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бір қалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып,  тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала