USD
USD
USD

Бейсенбі күні үш облыста дауыл тұрады

Қазақстанның үш облысында бейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бейсенбі күні үш облыста дауыл тұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяубұрқасын жүріп өтеді. Оңтүстік-батыстан түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда 20 ақпанда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

20 ақпан күні түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Петропавлда 20 ақпанда бұрқасын тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

20 ақпанда Қостанай облысында кей жерлерде жаяубұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Қостанайда 20 ақпанда түнде және ертеңгісін жаяубұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан түнде және ертеңгісін екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды