USD
USD
USD

Бейсенбі күні ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бейсенбі күні ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік-батыс циклон ҚР батыс өңірлері арқылы жылжып, жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын алып келеді. Республиканың шығысында мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел жоғары жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында – жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батыс жартысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз - көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман.

Шығыс Қазақстан облысының батысында-жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының орталығында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болып, түнде облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болжанады.

Қазір оқып жатыр

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск

Астанада шетел азаматтарына ЖСН елге келмей тұрып заңсыз рәсімделген

Жеке куәлік

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты

Бала

«Ұшақтағы орынды таңдағандай»: мәжілісте студенттерді жатақханамен қамту мәселесі талқыланды

Жатақхана