USD
USD
USD

Бейнеуде жаңа емхана бой көтеріп, автопарк жаңа көліктермен толығады

Бейнеу аудандық сайлауалды  штаб төрағасы Құлыбек Медетов, аудандық мәслихат депутатына кандидат Роллан Ережепов, ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат Оспан Қазақбаевтың сенімді өкілі Рәббім Борашев «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ұжымымен кездесті.

Бейнеуде жаңа емхана бой көтеріп, автопарк жаңа көліктермен толығады
Фото: NEGE.kz

 Мақсат – қызметкерлерді «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру.

Биылғы жылы «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Күз мезгілінде өткен праймеризде ресублика деңгейінде 20 мыңға жуық халықтан ұсыныс қабылданды. Облыс бойынша 800-ге жуық. Сонымен қатар әр өңірге сараптама жасалып, ақсап тұрған салалар, әлеуметтік ғимараттар есепке алынып, жергілікті билік өкілдерімен бірлестікте республика деңгейінде 216 бағдарлама әзірленді. Нәтижесінде алдымен облыс үшін, сосын қала мен аудандар үшін жеке бағдарлама жасақталды. Бейнеу ауданының да жеке 2021-2025 жылдарға арналған өз бағдарламасы бар. Мұнда 7 басым бағыт бойынша жұмыстар нақты көрсетілді.

Бағдарламадағы 3 басымдық азаматтардың әл-ауқатына бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту.

Тосыннан әлем елдерін абдыратқан «Covid-19» вирусы медицина саласына үлкен күш түсірді. Денсаулық сақтау мамандары індетпен ашық шайқасқа шығып, халықтың өмірін сақтап қалуға барынша қарсы күресті.  Күн демей, түн демей шапқылап ем жүргізіп, бірнеше айға отбасынан ажырап, ауруханада түнеулеріне тура келді. Бұл ерліктерін халық мәңгіге ұмытпайды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарды десек те, күрес тоқтаған жоқ. Ақ халатты абзал жандар бұл орайда коронавирус жұқтырған азаматтардың толық айығып шығуы үшін емдеу істерін жалғастыруда.

Пандемия әсері медицина саласына айырықша көңіл бөлуге, азаматтардың өз денсаулықтарын күтуге, тазалық шараларын сақтауға үйретті. Партия азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында ел медицинасы ең жоғары стандарттарға сай, ал дәрігерлеріміз білікті болуы қажет деп біледі.

Денсаулық саласындағы жұмыстар, яғни Бейнеу ауданы бойынша жоспарға тоқталатын болсақ, ауданда кадр тапшылығы басқа өңірлерден шақырту, бітіруші жастарды тарту арқылы шешімі табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлары тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. МӘМС шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша дәрілік препараттармен одан әрі қамтамасыз ету, халықты скринингтік зерттеулермен қамту жыл сайын ұлғаяды. Бейнеу ауылы «Атамекен» шағын ауданынан емхана салынып, аудан бойынша автопарк 10 жаңа автокөлікке толығады.

Медицина саласындағы мүдделі жұмыстар айтылған соң газбен қамтамасыз етуші мекеме қызметкерлерін 10 қаңтардағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық сайлау қорынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті