USD
USD
USD

Бейнеу ауданында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бейнеу ауданы – тоғыз жолдың торабы. Аудан арқылы көптеген бағыттарға темір жол, автокөлік жолымен жүк тасылып, жолаушылар сапар шегеді.

Бейнеу ауданында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Осы орайда "Nur Otan" партиясы ауданға жаңа темір жол салу, сауда нүктелерін, жанар жағармай құю бекеттерін көптеп орналастыруды көздеп отыр. Бұл әрине жол үстінде жүрген жандарға жақсы септігін тигізбек.

Партияның аудан үшін жасайтын барлық жұмыстарын таныстыру мақсатында аудандық сайлауалды штаб мүшелері, кандидаттар, сенімді өкілдері мен ерікті жастар тұрғындармен кездесулер, онлайн байланыстар, акциялар ұйымдастырып келеді. Үгіт-насихат науқаны ауданда қарқынды жүргізілуде. Күніге бірнеше шара өткізіліп отыр. Бірқатарына тоқталып өтсек.

Аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Нұрлыбай Ауданбаев пен Ардақ Бораш Сыңғырлау ауылына жол бастап, сондағы халықпен кездесті. Бейнеуде бүгінге дейін жасалған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылда өзгеретін Бейнеу ауданы жайында айтты. Еліміздегі көшбасшы партияны қолдауға шақырды. Сонымен қатар жоғарыда атап өткен екі кандидат Тәжен ауылына да соғып, онда да халықпен кездесу ұйымдастырды. Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстарын тыңдады. Тәжен ауылының тұрғындары партия ұсынған бағдарламада белгіленген, аудан дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдап, оң бағаларын берді.

Аудандық мәслихат депутатына кандидат Ұлмекен Бисенғалиева «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында  Боранқұл ауылының тұрғындарының үйіне барды. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Партияның ауданды алдағы бес жылда дамыту бағдарламасында Боранқұл ауылы 100% ауыз-сумен қамтылады. Ауылда жаңа спорт зал бой көтеріп, ауылдың орталық көшелері жарықтандырылатын болады.

Боранқұлда аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Роллан Ережепов пен Құралай Ізтлеуова да сайлаушылармен кездесті. Цифрлық сауаттылық бойынша партия ауданда жылына кемінде 1500 адамды оқыту, электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 80% жеткізу көзделгенін жеткізді. Қатысушылар кәсіп бастау, кәсіпкерлердің жұмыспен қамтудан жұмысшы алған кезінде тіркеу қиындық туғызатынын айтты. Үміткерлер бұл мәселе жергілікті әкімдікпен шешіліп, мәселе бақылауда болатынын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының да ауданға арнайы бағыт бұрып, халықпен кездесулер өткізіп келеді. Осы аптаның аяғына қарай Самат Мұсабаев қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келушілер несие өтеу, Бейнеу-Шалқар немесе Бейнеу-Сексеуіл тас жолын салу, кәсіпкерлігін үлкейту, басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Кандидат әрбір мәселені жеке түртіп алып, шешімді жолдарын түсіндіріп, түсіндірме жүргізді.

Сондай-ақ жоғарыда айтып кеткеніміздей соңғы күндері ауданда насихат жұмыстары аясында біршама іс-шара ұйымдастырылды.  Аудандық мәслихат депутатына үміткерлер: Серікқали Бекарыс, Төлегенұлы Төлеп,  Сағатбек Жұбанов "Есіктен есікке" акциясы аясына қатысып, тұрғындарды сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық филиалының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.