USD
USD
USD

Беймәлім заттан уланып, алты адам қайтыс болды

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген тағы бір пациент өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Беймәлім заттан уланып, алты адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Бүгін таңертең Ертіс аудандық ауруханасында тағы бір пациент қайтыс болды. Екінші сырқаттың жағдайы ауыр», - делінген өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Хабарламада айтылғандай, белгісіз заттан уланып қайтыс болғандардың денесінен зорлық-зомбылық, күш көрсету белгілері байқалмаған.

«Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», - дейді аталған мекемеден.

Айта кетейік, белгісіз заттан уланғандардың барлығы - ер адамдар. Бұған дейін хабарлағанымыздай Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі қайтыс болды. Ол туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратты.

«Барлығы 7 адам зардап шекті. Оның 3-і үйінде қайтыс болды. Қалған 4 адам Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілді» - деген еді аталған ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Алматыда тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде әйел адам көз жұмды

Алматыдағы өрт