USD
USD
USD

Бейбіт Ыстыбаев басшылық қызметке тағайындалды

"Қазақстан барысының" үш дүркін жеңімпазы жаңа қызметке тағайындалды.

Бейбіт Ыстыбаев басшылық қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE."Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы" КММ басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында1985 жылы туған. 3 дүркін "Қазақстан барысы" атанды. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.

Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, "Жекпе-жек" клубының директоры болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты