24 Мамыр 18:14
...

«Bazis»-тің басы екеу ме?

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынып жатыр. Қабанбай мен Ұлы Дала көшесінің қиылысында орналасқан зәулім ғимараттарды салуға «Bazis» басшылары мемлекеттік мекемелердің рұқсатын алмастан үй тұрғызған.

Тұрғын үй жанына заңсыз құрылыс жүргізген компанияның әрекетіне тұрғындар қарсы шықты. Олардың сөзінше, жеке компания құрылыс талаптарын мүлдем сақтамаған.

«Zangar» ТК құрылысы жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Жұмысшылар он алты қабатты үйді жартысына дейін көтеріп қойған. Ашулы халық Президент әкімшілігіне, Бас прокурорға, Премьер-министрге, құрылыс істері жөніндегі комитетке дейін бірнеше рет арызданған. Айтуларынша, жергілікті атқарушы орган ешқандай шара қолданбай отыр.

«Bazis-А» иесі Павел Блажко

 

«Қаланың сол жағалауында «Bazis»-тің еншілес мекемесі «Bazis-А» компаниясы тұрғын үй кешенін заңсыз салып жатыр. Компанияның қожайындары нормативтерді сақтамай, бір жылдан бері құрылыс жүргізіп келеді. Жеке тұрғын үйлердің арасынан 9,12,16 қабатты үйлер бой көтеруде. Жеке тұрғын үйлермен ара қашықтық сақталмаған, екеуінің арасы небәрі 5 метр. Халықпен ақылдаспаған», – деді жергілікті тұрғындар.

«Bazis-Astana»-ның бастығы кім?

Статистика мәліметіне сүйенсек, Елордада 27 мектеп, 15 балабақша жетіспейді. «Bazis»-тің кесірінен балабақша тұрғызылатын жерге «Zangar» тұрғын-үй кешені салынбақ. Мемлекеттен есепсіз қаржы алатын «Базис-Астананың» иесі Павел Беловичтің бір жылдық пайдасы 271 582 780 теңге деп көрсетілген. Бірақ алып корпорация үшін бұл күлкілі сомма. «Bazis»-тің басшылығы 9 еншілес мекеме ашып, бюджет қаржысын әртүрлі жолмен молынан пайдаланып келген.

Компания мемлекетке салық төлемеу үшін түрлі аттас шағын мекемелерді ашқан: "BAZIS-А CORP." ЖШС иесі – АХМЕТОВ ТИМУР, "BAZIS CONSTRUCTION" ЖШС иесі – САДЫКОВ НУРТАС, "БАЗИС" ЖШС Қарағанды қаласы иесі – ХАБИРОВ ДЕНИС, "БАЗИС ПРОЕКТ" ЖШС иесі – СЮЙ СЕРГЕЙ, "BASIS (БАЗИС) "ЖШС Шымкент қаласы жетекшісі – СПАБЕКОВ БАУРЖАН және т.б. Әр өңір, әр үй, әр құрылысқа жеке еншілес компания ашып отырған.

«Bazis-А»-тің негізгі иесі – Александр Белович. Ол биыл Forbes тізімінде 12-орында тұр. Қазақстандағы шіріген байларының қатарына кіретін Белович әулетінің байлығы – 705 млн доллар.

Александр Беловичтің Bazis Construction компаниясы Тимур Құлыбаевтың «Кипрос» компаниялар тобына кіретін Joint Technologies ЖШС-мен бірлесіп, ҚазҚұрылысСервис «НГСК» АҚ-ның ортақ иеленушісі болған.

Құлыбаевқа қатысы бар компаниялар жіті тексеріліп жатыр. Ал Беловичті неге тексермейді? Әлде «Bazis»-тің басы екеу ме? 

Кезінде Құлыбаевпен жақын араласқан А.Белович әлі күнге дейін "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа мүшесі лауазымында отыр. Бұдан бөлек, оның экс-президент Н.Назарбаевпен де «дәм-тұзы» жарасқаны белгілі.

Кейбір дереккөз «Bazis» мемлекеттен 65 млрд теңге қаржыны заңсыз алды» дейді. Павел Блажкоға тілшіміз осы сұрақты қойды, бірақ Белович жауап беруден бас тартты. Сұрақтан НЕГЕ жалтарғанын тиісті органдар анықтай жатар...

Тегтер: