USD
USD
USD

Bazis құрылыс компаниясының негізін қалаушы Беловичтің өгей қызы өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын мәлімдеді

Лара Эртл Instagram парақшасында өзіне өгей әкесі Беловичтің тарапынан айтылған қорқыту сөздері жазылған видео жариялады. 

Александр Белович
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. «Маған өгей әкем, Forbes тізіміне енген миллиардер, Bazis құрылыс компаниясының негізін қалаушы Александр Белович қоқан лоқы көрсетіп жатыр. 2025 жылдың 22 шілдесінде сағат 19:00-де біз Ritz Carlton қонақүйінің клуб-залында кездестік. Сол жерде ол бірнеше рет мені және отбасымды өлтіремін деп қорқытты. Сондай-ақ, анама қолдан жасалған қылмыстық іс бойынша өзімізді ашық қорғауға тырыссам, мені жоқ қылатынын қайталап айтты. Мені қорқытып-үркіткен әңгімелерінің аудиосы, видеосы және телефон арқылы сөйлескеніміз бар», - деген жазба қалдырды Лара Эртль.

Алматы қалалық Полиция департаменті Nege.Aqsha редакциясына қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта тергеумен Бостандық аудандық полиция басқармасы айналысып жатыр.

«Істің шынайы мән-жайын анықтауға және заңнамаға сәйкес шара қолдануға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Редакция Александр Беловичтің де пікірін тыңдауға дайын. 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu