USD
USD
USD

Базарлық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттегі жинаққа қалай әсер етеді?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 5 маусымда қабылданған базалық мөлшерлемені төмендету шешімі қазақстандықтардың депозиттегі жинағына қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берді.

әлеуметтік төлем
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, базалық мөлшерлемені 0,5%, 0,25% және 1%-ға төмендету секілді бірнеше сценарий қарастырылған.

«Депозиттерге қалай әсер етеді? Депозиттер, әдетте, базалық мөлшерлеме өзгерісіне ілесіп, шамамен сол көлемде өзгереді. Алайда ақша жинап, сақтағысы келетін адамдар үшін ең маңыздысы – нақты инфляция мен депозит мөлшерлемесінің арасындағы дифференциал. Қазір нақты инфляция – 10,4%, ал депозиттік мөлшерлемелер шамамен 19–20% деңгейінде. Олар бір пайыздық тармаққа төмендеген күннің өзінде депозит мөлшерлемелері инфляцияны артығымен жабады», – деді ол.

Оның пікірінше, депозит көлемі күрт азаяды деп болжанбайды.

«Депозиттер әлі де тартымды қаржы құралы болып қала береді. Олар банк жүйесіне салынады. Біздің банк жүйеміз өте тұрақты, Орталық Азиядағы ең қуатты әрі капиталдандырылған жүйе саналады және қатаң бақылауда. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттерді белгілі бір көлемге дейін кепілдендіреді. Біздің депозиттер инфляцияны жабады деп ойлаймын. Қазіргі жағдайда депозиттердің тәуекел мен табыстылық арасындағы тепе-теңдігі өте жақсы. Сондықтан қаражаттың басқа құралдарға айтарлықтай ауысуы екіталай», – деді Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгін, 5 маусымда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17 пайызға дейін төмендетті.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер