USD
USD
USD

Базарда пышақпен жүрген адам психдиспансерде тіркеуде тұрған ба?

Психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрған кісі Алматы базарында пышақпен ұмтылған, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Базарда пышақпен жүрген адам психдиспансерде тіркеуде тұрған ба?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «8 қаңтар сағат 13.17-де Алматының Әуезов ауданы ПБ кезекші бөліміне 25-30 жас шамасындағы ер адам «Достық» ықшамауданында орналасқан базарда өтіп бара жатқан адам мен сатушыға пышақпен ұмтылған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ретінде 2011 жылдан бері «Параноидты шизофрения» диагнозымен психиатриялық диспансерде есепте тұрған ер адам ұсталды», –  делінген жұмада таратылған хабарда.

Департамент хабарлауынша, 9/2 жедел медициналық көмек көрсету бригадасы пышақпен ұмтылған ер адамды Алматыдағы «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізіп, жатқызған.

«Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлімі 2 тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді», –  делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский