USD
USD
USD

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға кетіп, шетелде қалып қойған түлектерден бюджетке оларға жұмсалған қаржыны қайтаруды талап етті. 

.
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Базарбектің сөзінше, бұл салада әлі күнге түйіні тарқамаған түйткіл көп. Кейбір «Болашақ» стипендиаттары мемлекет қаржысын алып, біліктілігін арттырды, бірақ Қазақстанға оралып, осында жұмыс істегісі келмейді.

Депутаттың айтуынша, бұл түлектердің қаржыны қайтарған-қайтармағаны, келісімшарттарының орындалуы және оларға қандай шара қолданылғаны әлі де беймәлім.

Сондай-ақ ол бағдарлама бойынша шәкіртақыны көбейту керек деген ұсынысты орынсыз деп санайды. 

«Әңгіме миллиардтаған заңбұзушылықтар туралы болып тұрғанда мен мұны ақталған қадам деп санамаймын», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» студенттеріне шәкіртақыны 10–15%-ға арттыру мүмкіндігі туралы мәлімдеген. Орталық мәліметінше, төлемдер 15 жылдан астам уақыт бойы өзгермепті.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram