USD
USD
USD

Базар жырауға ескерткіш орнатылды  

 Өзбекстанның Науаи облысында қазақтың белгілі ақыны Базар жырау Оңдасұлына ескерткіш орнатылды.

Базар жырауға ескерткіш орнатылды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Үшқұдық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі Telegram каналында мәлім етті. Балқы Базар жырау бюсінің ашылу салтанаты 3 қазан күні өтті. Шараға аудан әкімі С.Хамроев, Үшқұдық ауданы Қазақ мәдени орталығының қызметкерлері, аға буын және БАҚ өкілдері қатысты. Бюст орнатар алдында Жалпақтаудағы Базар Жыраудың бейіті абаттандырылған.

Базар Жырау Оңдасұлы 1842 жылы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ел арасында Балқы Базар деп танылған. Өмірінің соңғы жылдарын Жалпақтау жайлауында, Ақбөгет топырағында өткізді. 1911 жылы дүние салып, Жалпақтауға сүйегі қойылған. Базар Жырауды Сыр бойының ақын-жыраулары, термешілері өздеріне ұстаз санаған. Оның туындылары «Терме», «Үш ғасыр жырлайды» жинақтарына енген.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев