USD
USD
USD

Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін

Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов 2023 жылы да қаржы реттеушісінің ақша-кредит саясаты қатаңдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2023 жылдан бастап инфляцияны жоспарлы түрде төмендету үшін қажетті базалық мөлшерлеме деңгейіне барынша нақты бағалау жүргізіледі. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы көтерілу мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын одан әрі қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын болады. Бұл сценарийдің ықтималдығы жоғары деп бағалануда», - деді ол брифингте.

Ғалымжан Пірматов жыл соңына болжанып отырған инфляция мен ақша-кредит талаптарының бағалауларын ескергендерін, базалық мөлшерлеменің тағы да мүмкін екенін айтады.

«Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады», - деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салсақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған