USD
USD
USD

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

Түркістан облысында шетелдік азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалды деген арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша күдікті ретінде Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаевтың аты аталып отыр.

ү
Фото: коллажды NEGE құрастырды

Астана, NEGE. Түркістан облысының полиция департаменті күдіктінің анықталып, қамауға алынғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданатын болады», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты.

Halyqstan Telegram-арнасы жариялаған бейресми мәліметке қарағанда, полицияға Алматы қаласының тұрғыны арызданған. Ол Байжансай ауылына Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыру үшін келген төрт шетелдік азаматпен бірге барғанын айтқан. Топ қорғасын-мырыш кенін өндіру жобасына қызығушылық танытқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қонақтарды Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев қарсы алып, бірге жүрген. Арыз иесінің сөзінше, кейін ер адам шетел азаматшасын оңаша жерге апарып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Полиция күдіктінің аты-жөнін ресми түрде жарияламады. Оның кінәлі немесе кінәсіз екенін құзырлы органдар анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду