USD
USD
USD

Байжанов бұрынғы адвокатынан Бишімбаевтың адвокаттарымен байланыста болғаны үшін бас тартқан

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. 

Бақытжан Байжанов
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Сот отырысында Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр. 

Бақытжан Байжанов алғашқы күндері не үшін басқаша айғақтар бергенін түсіндірді. Ол өзінің бұған дейінгі адвокатының Бишімбаевтың мүддесін қолдайтын жауап беруге итермелегенін мәлімдеді.⠀

«Мені ұстаған кезде басқа адвокатым болды. Сол адвокат маған «мынаны айтпа, ананы айтпа» деді. Желтоқсан айында мен адвокатымның Бишімбаевтың адвокаттарымен байланыста жүргенін түсіндім. Мұны білген соң мен оның қызметінен бас тарттым. Мені айыптай берсін, бірақ мен тек шындықты айтамын», – деді Бақытжан Байжанов. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж