USD
USD
USD

Байзақтағы жарылысқа кінәлі деп танылған сарбаздар мемлекетке 23 миллиард теңге төлеуге міндеттелді

Шымкенттің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысқа кінәлі деп сотталған сарбаздар Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановқа және офицерлер Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиевқа міндеттелген жарылыс шығынын өтеуге қатысты сот өтті. 

Байзақтағы жарылыс
Фото: qazaqstan.tv

Алматы, NEGE. Сот қорғаныс министрлігінің 4 жауапкерден 25 093 038 236 теңге материалдық залалды өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырып, сотталған әскерилерді 23 миллиард 700 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Дәлел болмағандықтан, қалған 1 328 507 355 теңгені төлемейді.

«Сот 28349 әскери бөлімінің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс жауапкерлердің әрекеті нәтижесінде орын алғанын ескере отырып, олардан материалдық шығынды бірлесіп өндіру қажет деп санады. 23 764 530 881 теңге өндірілді. 1,3 миллиард теңгенің материалдық шығыны талап дәлелдемелерінің жоқтығынан бас тартылды», – делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады

.

Тоқаев Қазақстанға алғаш рет келген Гонконг басшысымен кездесу өткізді

Тоқаев, Джон Ли

Балаларға базарлық: Қызылордада Ботаникалық бақ пайдалануға берілді

Ботаникалық бақ

«Кінәсін толық мойындады»: Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның соты басталды

Әділетхан Молдахан