Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

NEGE – байсалды, басалқы портал

Еліміздегі жетекші ақпарат агенттіктерінің бірі NEGE-нің құрылғанына 5 жыл толды. Агенттікте еңбек етіп жүрген журналистерді әріптес ретінде, осы порталдың оқырманы ретінде құттықтаймын!

Депутат
Фото: ғаламтордан

NEGE порталының артықшылығы неде? Портал талдау, сараптау, аналитикаға басымдық береді. Жылт еткен уақытша ғана ақпарат таратпай, саясат пен әлеуметте, мәдениетте, экономикалық тақырыптарда болсын, барлық салада байсалдылық, басалқылық таныта отырып, қоғамды сауықтыру, түрлі проблемаларды түп-тамырымен қопара жазып, халыққа анық ақпарат жеткізеді. Сондықтан да әріптесіміз Ерік Рахым басқарып отырған осы агенттіктегі ұжымға барлық игіліктерді тілейміз!

NEGE порталында кез келген тақырыпқа қатысты сараптама, талдау, журналистік зерттеу бар. Бір сөзбен айтқанда, елдің көңілінен шығатын контент ұсынып жүр. Алдағы кезеңдерде де порталдың өміршең болғанын қалаймыз, өйткені еліміздің әлеуметтік-саяси кеңістігінің кетігін толтыруға, дұрыс бағытта жүруіне тікелей ықпал етіп келе жатқан ақпарат агенттігі деп білеміз.

Келер дәуірлердегі жаңа буын, жас ұрпақ NEGE порталының оқырманы болсын! Барша ұжымға сәттіліктер тілейміз!

Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап