USD
USD
USD

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

Байқоңырда 40 жастағы әйелге қатысты кәмелетке толмаған бес баласына қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Прокуратура қылмыстық істі заңды деп таныды.

сот
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. «Байқоңыр» кешені прокуратурасының мәліметінше, күдікті 2026 жылдың басынан бері бес баласының тәрбиесіне жауапсыз қарап, оларға қатыгездік көрсетіп келген.

Сондай-ақ әйелдің балаларының денсаулығына, рухани және адамгершілік тұрғыдан дамуына қамқорлық жасау, олардың негізгі жалпы білім алуын қамтамасыз ету міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамағаны атап өтілген.

Бұл дерек бойынша Ресей Қылмыстық кодексінің «Ата-ананың кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер