USD
USD
USD

Байқаусызда атып жіберген: Атырау облысында аң аулау кезінде ер адам мерт болды

Желіде Атырау облысында аңшылықтың қайғылы жағдаймен аяқталғаны туралы ақпарат тарады.

Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Instagram-дағы Atyrau_today_news парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 6 желтоқсанға қараған түні Қызылқоға ауданы Аққора ауылы маңында аң аулауға шыққан 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін байқаусызда атып жіберген. Қаруды дұрыс пайдаланбау салдары кісі өліміне әкеп соқтырған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар аң аулауға шығар алдында ішімдік ішкен», — делінген хабарламада.

Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 36 жастағы күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы