USD
USD
USD

Байден Трамптың жақтастарын «қоқысқа» теңеді

Америкадағы президент сайлауына бір аптадан аз уақыт қалды. Шара алдында АҚШ президенті Джо Байден президенттікке үміткер Дональд Трамптың жақтастарын «қоқыс» деп атап қалды. 

Джо Байден
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Джо Байден Zoom желісіндегі бейнеконференция барысында Дональд Трамптың сөздеріне түсініктеме беріп, жақтастарын «қоқысқа» теңеді.

«Мен жалғыз «қоқысты» көріп тұрмын. Ол – оның (Трамптың) жақтастары. Ал оның латынамерикалықтарды демонизациялауы санаға сыймайды», - деді Байден телефон арқылы сөйлесу кезінде. 

Бейнежазба желіде жылдам тарала бастады және Трамптың жақтастары арасында ғана емес, жалпы америкалықтардың арасында да наразылық тудырды.

Республикалық және Демократиялық партиялардың өкілдері бұл сөзді бірден демократ Хиллари Клинтонның 2016 жылғы өрескел қателігімен бірдей деп бағалады. Сол кезде Хиллари Клинтон Трамптың жақтастарын «ешкім емес» деп атаған. Бұл республикашылдардың наразылығын тудырған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық

Алматыда жүйіткіген көлік музей алдындағы арт-инсталляцияға соғылды

жол-көлік оқиғасы

КҚК терминалына бағыт алған танкерге екі рет шабуыл жасалды

дрон шабуылы