USD
USD
USD

Байден Рамазан айы қарсаңында Израиль мен Хамасты бітімге келуге шақырды

АҚШ президенті Джо Байден Израиль мен Хамас тарапы Рамазан айы қарсаңында бітімге келеді деп үміттенеді. Ол мұндай мәлімдемені Ақ үйде журналистермен кездесу барысында жасады, деп жазды 24.kz.

Джо
Фото: xChrisxKleponisx (imago images/ZUMA Wire)

Алматы, NEGE. Алайда, Байден АҚШ-тың Газа тұрғындарына әуе арқылы қашан гуманитарлық көмек жөнелтетені жөнінде нақты жауап бере алмады.

Еске салайық, бұған дейін саясаткер палестиналықтарға көмек көлемінің жеткіліксіздігі мәселесін көтерген еді. Артынша АҚШ билігінің жуық арада Газа аймағына гуманитарлық жүк жеткізе бастайтынын мәлімдеді.

«Біз бұл мәселе бойынша нақты шешімге келмей, жұмысты тоқтатпаймыз», – деді АҚШ Президенті.

Иордания билігі Газа секторынының солтүстігіне бірнеше ұшақтан парашют арқылы гуманитарлық көмек жеткізді. Өйткені Мысырдан Газаға жөнелтілетін көмек ағыны соңғы аптада күрт төмендеген. Бірақ Израиль тарапы оған тосқауыл қоймағанын жеткізді.

Кідірістерге БҰҰ мен Палестина тарапын кінәлап отыр. БҰҰ-ның мәліметінше, өңір халқының ширегі, яғни 576 мың адам аштыққа шалдыққан. Таяу арада шұғыл көмек жеткізілмесе, тұтас аймақтың аштықтан қырылатын түрі бар дейді сарапшылар.


Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты