USD
USD
USD

Баянауылда екі баланы құтқармақ болған әкелері көлге батып кетті

Ер адамдар Қарағанды облысынан отбасымен демалуға келген, деп хабарлайды 

Баянауылда екі баланы құтқармақ болған әкелері көлге батып кетті
Фото: NEGE.kz

@Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE.  Облыстық ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, 23 маусым күні сағат 15:52-де Павлодар облысы «112» пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында Торайғыр көлінде жабдықталмаған жерде ер адамдар суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
 

- 2008 жылы туған қыз бала мен 2013 жылы туған ұл баланы құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 және 1986 жылы туған ер адамдар суға батып кетті. Балаларды жедел медициналық жәрдеммен Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізді, жағдайы тұрақты, есінен танып қалмаған, - деді департаментте.

Ер адамдардың денесін табуға Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері сүңгуір жабдығымен іздеуге шыққан. Іздеуге сағат 19:00-де шығып, сағат 19-39-да денелері шығарылды.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника бірлігі және 1 жүзу құралы,«102»,«103» қызметтері жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция