USD
USD
USD

«Баянауыл» табиғи паркі аумағындағы орманда өрт шықты

«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығы аумағындағы орман өрті 9 шілде күндіз тіркелді.

өрт
Фото: instagram.com/kazavialesoohrana

Астана, NEGE. «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің хабарлауынша, алғашқы болып оқиға орнына әуе өрт сөндіру қызметінің екі десантшысы жетіп, сағат 12:19-да өртті сөндіру жұмыстарына кіріскен.

Өртті сөндіруге ұлттық парктің мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері,  әуе өрт сөндіру десантшылары және ТЖМ күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында 2 өрт сөндіру көлігі, 3 кіші орман өрт сөндіру патрульдік кешені мен ВО-105 тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

«Өрт техника бара алмайтын таулы, жартасты аумақта болғандықтан, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның І класты тікұшағы Семей қаласынан өрт орнына бағытталды. Қосымша күш ретінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы ұшуға әзірленіп жатыр», – делінген ресми ақпаратта.

Өрт сөндірушілер қазіргі уақытта жағдай толық бақылауға алынғанын айтып, сендірді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған