USD
USD
USD

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі бостандыққа шығуы мүмкін

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі бостандыққа шығуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қапшағай қалалық сотына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы арыз түсті. Сот отырысы 11 шілдеге белгіленді", - деп хабарлады Алматы облыстық соты.

2016 жылдың 10 маусымында белгілі продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаты мен соққыға жығылған күйде ауруханаға түскен. Қылмысқа күдікті Бақытбек Есентаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2016 жылдың 3 қарашасында сот Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Баянның бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы өтінішіне қарамастан Бақытбек Есентаев түрме жазасын алды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт