USD
USD
USD

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі түрмеден шығады

Сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін мақұлдады, деп хабарлайды Қапшағай қалалық соты.

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі түрмеден шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев 2016 жылдың маусым айында әйеліне пышақ жарақатын салып, өміріне қол сұққаны үшін сотталған еді. Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылға соты сол жылдың 3 қарашасында Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған болатын. Жазасының үштен екі бөлігін өтегеннен кейін Есентаев сотқа мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш білдірді. 

Сот кезінде прокурор Есентаевтың өтінішін мақұлдауды сұрады. Сол сияқты сотталған Есентаев пен оның адвокаты арызды қанағанттандыруды өтінді. Зардап шеккен Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевтың ерте босап шығуына қарсылық білдірген жоқ.

“Қапшағай қалалық сотының 2022 жылдың 12 шілдесіндегі шешімімен, Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату тұралы өтініш мақұлданды”, – деп хабарланды соттан.

Үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу