USD
USD
USD

Баян Мақсатқызы елу жасын қалай атап өтті?

Продюсер Баян Мақсатқызы 50 жасқа толған мерейтойын Алматыдағы ең қымбат мейрамханада атап өтті. Қонаққа барған шоу-бизнестегі ығайлар мен сығайлар кештің қызықтарын жарыса жариялап жатыр.

Баян
Фото: ernur.kz

Алматы, NEGE. Желідегі жарияланымға зер салсақ тойдың шымылдығын Баян өзі құрған «Кешью» тобымен селбесе ән шырқай ашқан.

Мерейтойға Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі мен Қарақат, Тамара Асар, Жанар Айжанова бастаған өнер иелері мен медиа тұлғалар барған.

Сіңлісі Баян Мұхитденова әпкесіне арнап ән шырқады. Сондай-ақ Баян Мақсатқызының өнердегі жетістігі жайлы естелік бейнеролик көрсетілді.

Баянның анасы да құдасы Тұрым Алагөзовпен бірге ән шырқап, қызына музыкалық сәлемдеме жолдады.

Тойдың тосынсыйы – Баян Мақсатқызының Ресейдің атақты әншісі Валерий Меладземен дуэт орындауы болды.

той
видеодан скриншот

«Мен теледидардан алғаш рет Валерий Меладзені көргенде өзіме «Күндердің бір күнінде Меладземен ән шырқаймын» деп сөз берген едім. Сол арманым бүгін орындалды. Бұл үшін сүйіктіме ерекше алғыс айтамын. «Тойыңа не сыйлық алғың келеді?» деп сұраған еді, ойланбастан «Валерий Меладземен ән шырқағым келеді» деп жауап бердім. Ал ол қалауымды орындады» деді Баян Мақсатқызы.

Кештің дресс-коды ретінде қызыл және қара түс таңдалған екен. Сол себепті Баян Мақсатқызы үш көйлек алмастырды. Ал өнер жұлдыздары қуаныш иесінің тілегін орындау мақсатында тойға арнайы көйлек тіктірген.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші