USD
USD
USD

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешовамен алғаш рет жүздесті. Кездесу барысында ол актрисаға пәтер сыйлайтынын айтты.

.
Фото: Баян Алагөзованың Instagram-парақшасынан

Астана, NEGE. Продюсердің сөзінше, Меруерт Өтекешова өзіне ұнаған пәтерді қалаған ауданынан таңдай алады.

«Сіздей адам болған емес, енді болмайды да. Сізге деген құрметім ерекше. Екі айдың ішінде өзіңіз таңдаған ауданнан пәтер алып береміз деп уәде беремін», – деді Баян Алагөзова.

Қазір актриса Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде сабақ береді. Ол кенже қызы және немересімен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

Бұған дейін Баян Алагөзова актрисаға өмір бойы ай сайын 1 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, бұл оқиғаға «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты дау түрткі болған еді.

Ал камзолдың алдағы тағдыры әзірге белгісіз. Баян Алагөзова бұл мәселеге қатысты шешімді Меруерт Өтекешованың өзі қабылдайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық