USD
USD
USD

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Forbes Kazakhstan Қазақстанның ең ықпалды 25 әйелінің рейтингін жариялады. Рейтингте Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова екінші жыл қатарынан көш бастады. 

Баян Алагөзова
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Астана, NEGE. Бұл ретте 25 қатысушының 18-і тізімдегі өз орнын сақтап қалды, сондай-ақ алғашқы төрттіктің құрамы сол күйі өзгермеген. Екінші орынды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова иеленсе, үшінші орында таяуда Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалған Аида Балаева тұр. Төртінші орын Отбасы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимоваға бұйырған. Ал үздік бестікті кәсіпкер Әсел Тасмағамбетова түйіндепті.

«Олардың позициясы ең берік ықпал қаржы, мемлекеттік басқару және ірі институттарды бақылау тоғысқан жерде қалыптасатынын көрсетеді», – деп жазады Forbes Kazakhstan.

Биыл Forbes Kazakhstan тізімге өткен жылғы рейтингке енбеген бес әйелді қосыпты. Олардың қатарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, продюсер әрі кәсіпкер Баян Алагөзова, бизнесвумен Гауһар Әбіқаева және Раушан Жақсыбай бар. Сонымен қатар үзілістен кейін рейтингке Әсел Жанасова да қайта оралған.

Рейтингке енген әйелдердің орташа жасы 52 жас деп көрсетілген. Соны ішінде ең жасы 39 жастағы Әсел Жанасова болса, ал ең үлкені – 69 жастағы пианиношы Жәния Әубәкірова.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова