USD
USD
USD

Бәукеңнің маузері музейде сақтаулы 

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Баукеңнің маузері сақтаулы тұр. Қан майданда қасынан тастамаған қаруын батыр музейге өзі тапсырған, деп хабарлайды

Бәукеңнің маузері музейде сақтаулы 
Фото: NEGE.kz

inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Бауыржан Момышұлы 1932 жылы Қызыл Армия қатарына шақыртылғаннан бастап, 5 жыл соғыста от пен оқтың ортасын кешіп өтіп, одан кейінгі жылдарда әскери қызмет атқарып, 1956 жылы полковник шенімен отставкаға шыққан. Өмірінің 24 жылын әскери қызметке арнаған Бауыржан Момышұлының маузері – музейдегі ең құнды жәдігер.

Бұл жәдігердің арнайы құжатында: "Маузер" қаруы – даңқты батыр Бауыржан Момышұлына тиесілі. Маузер металл, ағаш және қайыстан жасалған", - деп жазылған.

Жәдігердің металл бөлігінде "Маузер полковника Бауыржана Момышулы" деген жазу бар. Маузерді облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1965 жылы тапсырғаны туралы Баукеңнің өсиет хатында жазылған.

Музейдің бөлім меңгерушісі Жұлдыз Аманқұлова музейге осы маузерді көру үшін арнайы келетіндер көп екенін айтады.

"Бұл жәдігер батыр Бауыржан атамыздың өз қолымен музейге тапсырғандықтан да қымбат", - дейді ол.

Айта кету керек, Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылы берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шыққан. Медальдің нөмері – 11637.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.