Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды сотқа бермекші

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист, қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде «Бауыржан Байбек: коррупционная бизнес-империя сына однокласника Назарбаева» деген атаумен жарияланған видео айыптауларына қатысты белсендіні сотқа беретінін мәлім етті.

Бауыржан Байбек Жанболат Мамайды сотқа бермекші
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз демократиялық мемлекет құрып жатырмыз және демократия – анархия емес, заңсыздық емес, ол заңның үстемдік құруы. Әрбір адамның өз аты мен ар-ожданын қорғауға конституциялық құқы бар. Институттар туралы айтқанда, 2015 жылы Елбасы бастамашы болған 5 конституциялық реформаны айналып өте алмаймыз, аталған идеяны Қасым-Жомарт Кемелұлы дамытып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды. Бұл тек естіп қана қою емес, жауап беру.

Қазір мен мемлекеттік қызметші емеспін және айыптауларға жауап бермесем де болар еді. Бірақ ең алдымен мен заңды құрметтейтін Қазақстан Респуликасының азаматымын және қарапайым адам ретінде маған өз атым қымбат. БАҚ-тағы жарияланымдарды анам мен жақындарым оқиды, сол себепті, БАҚ арқылы өз шындығымды айтуға тура келді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық