USD
USD
USD

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

Астанада Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі деген қымбат сағаттардың ұрлануына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

.
Фото: @baibekbk/Instagram

Астана, NEGE. Полиция сағаттардың нақты құны мен маркаларын, сондай-ақ істің басқа мән-жайларын әзірге жариялаған жоқ.

«Сағат ұрлау дерегі бойынша полиция 31 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр», – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті NEGE журналисіне.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, күдікті Байбектің қызметкерінің көмекшісі болған. Сол себепті оның үйіне кіріп-шығуға мүмкіндігі болған.

Байбек отбасымен шетелге кеткен кезде күдікті қызметтік көліктегі қосалқы кілтті алып, үйге кірген деген ақпарат бар. Ол қымбат сағаттардың түпнұсқасын алдын ала сатып алған көшірмелеріне ауыстырған болуы мүмкін.

Козачковтың мәліметінше, сөз Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркалы сағаттар туралы болып отыр. Үй иелері елге оралған соң сағаттардың ауыстырылғанын байқап, полицияға хабарласқан.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы