USD
USD
USD

Бауыржан Байбектің BizBirgemiz Qazaqstan 2030 қорындағы қаржы жымқыру ісіне қатыстылығы тексерілмейтін болды

Сотта Перизат Қайрат аталған қордың бұрынғы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің кезінде құрылғанын айтқан болатын. 

Бауыржан Байбек, Перизат Қайрат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE.  Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігінен Б.Байбектің немесе басқа тұлғалардың қайырымдылық қаражатын жымқыруға қатысы бар-жоғы сұралды.

Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов тергеу барысында басқа адамдардың қатысы бары анықталмағанын мәлімдеді.

«Біз ең алдымен түпкілікті пайда алушыға сүйендік. Яғни қорға түскен қаржының соңғы иесі кім болды, сол қаралды. Бұған дейін біз жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты айтқанбыз: жеке үй, төрт пәтер, көлік. Мұның бәрі осы ақшаға Перизат пен оның анасы тарапынан сатып алынған. Қылмыстық іс аясында бұл қаржыны иемденуге байланысты өзге тұлғалар анықталған жоқ», – деді Елемесов.

Бауыржан Байбек саясаттан кеткен соң шетелге қоныс аударған. Соңғы бір жарым жылдан бері ол Жапониядан онлайн жұмыс істеп жүр.

Қазір оқып жатыр

Екібастұзда мас күйдегі ер адамдар дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Медицина қызметкерін ұрған

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Әскери адам, сарбаз

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Есмұхан Обаев

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев