USD
USD
USD

Бауыржан Әленов Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Әленов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Ішкі істер министрлігінің жедел қызмет департаментінің бастығы болған.

2004 жылы «Фемида» заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистр дәрежесін алды. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.

Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.

Алматы облысының Полиция департаментін 2022 жылдың қаңтар айынан бері басқарып келді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net