USD
USD
USD

«Бауырына салу» фильмі Франция фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

«Бауырына салу» фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.

«Бауырына салу» фильмі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Әлемдік кинематографиялық мұраны сақтауға және насихаттауға арналған бұл беделді фестивальде терең мәдени контекст бар. Іс-шара ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аудиторияның назарын аударды.

Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.

Жыл сайын Cinema Heritage фестивалі әлемдік киноиндустрияның майталман өкілдерін жинап, үздіктерді анықтайды. Осы маңызды шарада қазақстандық фильмнің еленуі қазақстандық кино өндірісінің деңгейі мен әлемдік кинематографиядағы орнын көрсетеді.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау орталығының» қолдауымен түсірілген.

Айта кетейік, режиссер Асхат Кучинчереков түсірген «Бауырына салу» фильмі еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін «Оскар» комитетіне ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай