USD
USD
USD

«Бауырына салу» фильмі Бакуде бас жүлде алды

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі Әзірбайжан астанасы – Бакуде марапат биігінен көрінді.

Бауырына салу
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Фильм «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлде алды. Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.

Аталған фильмді режиссер Асхат Кучинчереков түсірген. Картина Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасына ие болды.

Сондай-ақ, жақында елімізді халықаралық аренада таныстыру үшін Оскар комитетіне ұсынылды. 

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі