USD
USD
USD

Батуттық гимнастикадан отандастарымыз Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды

Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті.

Батут
Фото: QazSport

Алматы, NEGE. Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.

Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге иелік етті.

Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге алған еді.

Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер