USD
USD
USD

Батыс шағын ауданы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласындағы Батыс шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын.

Батыс шағын ауданы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Ұзындығы 151,47 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 60 пайызы тартылған.

Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ы тарапынан қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Демек, жыл соңына дейін Батыс шағын ауданындағы 2 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Энергетика және инфрақұрылым басқармасының мәліметінше, аталған шағын ауданды табиғи газ және электр қуатымен қамту үшін де құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінге дейін 289 электр бағаналары орнатылды. Бұл мәселелер алдағы жылы толығымен аяқталады. Нәтижесінде 2243 абонент сапалы электр қуатына, 9865 абонент көгілдір отынға қол жеткізеді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек