USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолдарда қозғалыс шектелді. 

Батыс Қазақстанда жолдар жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 6 наурыз күні сағат 20.30-дан бастап көршілес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (күшті жел, боран, жолдың көрінуі қиындауы) республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (392-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткеніндей, облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км, Тасқала ауылынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл маңда да қатты боранның салдарынан жолдың көрінуі нашарлаған.

БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағыттарда тұрғындарға жолға шықпау керектігін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай