USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда ревакцинациядан өткен адам саны 61 мыңнан асты

Батыс Қазақстан облысында 61 256 адам ревакцинациядан өтті.

Батыс Қазақстанда ревакцинациядан өткен адам саны 61 мыңнан асты
Фото: NEGE.kz

БҚО. NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибековтің айтуынша, осы кезге дейін 271 720 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, бұл – жалпы жоспардың 65,6 пайызы.

Соның ішінде басым көпшілігі, яғни 191 196-сы «Спутник V» екпесін, сондай-ақ 21 238-і «QazVac», 25 033-і «Hayat-Vax», 7 753-і «Corona-Vac», 26500-і «Vero Cell» вакцинасын қабылдады.

Сондай-ақ 258 781 адам екінші компонентті де алды. Оның сөзіне қарағанда, Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасымен 10 329 адам егілсе, соның 5 376-сы – жасөспірімдер, 376-сы – жүкті және 4 575-і – бала емізетін әйелдер.

«Соңғы кезде вакцинациялау тәртібіне өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 18 ақпандағы жаңа №11 қаулысына сәйкес «Pfizer» вакцинасымен 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялауға, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін вакцинациялауға және ревакцинациялауға рұқсат берілді. Сол секілді вакцинаның бірінші екпесін Қазақстаннан тыс жерде (шетелде) алған адамдар екінші компонентті ектіре алады», деді А.Қалибеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да амбулаторлық ем алып жатқан науқастар саны 68,4 пайызға төмендегенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі

Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігін басқаратын болды

Экология және табиғи ресурстар министрі

Мұрат Мұханов төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлердің көбі өз орнында қалды

үкімет