USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда мәдениет үйінің шатыры құлады

 Батыс Қазақстан облысында мәдениет үйінің шатыры құлады. 

Батыс Қазақстанда мәдениет үйінің шатыры құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 20.10-да Бөрлі ауданы Успенов ауылында болды. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша екпіні секундына 18 метрге жеткен желдің салдарынан екі қабатты Успенов ауылдық мәдениет үйінің 45 шаршы метр шатыры сыпырылып түсті. Ғимараттың жалпы ауданы – 1205,4 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Аталмыш ғимарат 1964 жылы бой көтерген. 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда күшті жел бес қабатты тұрғын үйдің жұлып әкеткенін, БҚО-да тағы бір республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда қатты желден колледж ғимаратының шатыры ұшып кетті.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан