USD
USD
USD

Батыс Қазақстанда карантинде 12 адам үйлену тойын жасаған

  Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков облыс басшысының тапсырмасына сәйкес 20 мониторинг тобының карантин кезіндегі тәртіптің сақталуын қадағалауды күшейткенін жеткізді.

Батыс Қазақстанда карантинде 12 адам үйлену тойын жасаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Соның нәтижесінде 8 заңды тұлғаға, 74 тұрғынға қатысты әкімшілік іс материалдары сотқа жолданды. Санитарлық талаптың сақталмауына байланысты «Мирлан» базарындағы көтерме сауда орындары «Ел ырысы» базары аумағына көшірілген болатын. Қазіргі таңда Зачаган кентіндегі мамандандырылған ХҚО жанынан тағы бір көтерме сауда орнын ашу мәселесі ойластырылуда. Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі ауданы басшысына Оралға тиіп тұрған Подстепный ауылынан тағы бір көтерме сауда орнын ашуды тапсырды.

Сонымен қатар карантин шараларын сақтау бағытындағы басқа да шаралар жалғасады. БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың сөзіне қарағанда, карантин режимін бұзғандарға қатысты 171 әкімшілік хаттама толтырылып, 11 млн теңге айыппұл салынған. Бұлардың көпшілігі – түнде мезгілсіз жүргендер. Сондай себеппен 131 адам жауапқа тартылды. Сол секілді шаштараз, сауна, мейрамхана сияқты орындарда 17 заңбұзушылық анықталып, иелеріне 3 млн астам теңге айыппұл салынды. Өкінішке қарай, өңірде түрлі көпшілік жиындар тыйылмай тұр. Соның ішінде 5 шілдеден бері 12 үйлену тойының өткізілгені белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.