USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаменті.

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Оқиға 31 қаңтар күні шамамен сағат 13.10-да Ақжайық ауданы аумағында болды.

Чапаев-Казталов автожолының 15-шақырымында «ВАЗ-2107» мен «Тойота Камри» автокөлігі бетпе-бет соқтығысты.

Соның салдарынан «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Түрлі жарақат алған алты адам трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың ішінде 2021 жылғы сәби бар.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, «ВАЗ-2107» автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Тойота Камримен» түйіскенін жеткізді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті