2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Төтенше жағдай шаралары алынғаннан кейін, батыс өңірінде блокпосттардың жартысы алынды. Ірі сауда орталықтары жұмыс істей бастады.

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 12 мамырда облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, карантин шаралары біртіндеп алына бастады. Блокпосттар тек Оралда және Бөрілі ауданында (Ақсай қаласы) қалды.

Азық-түлік базарлары сағат 9-дан 16-ке дейін жұмыс істей бастады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-орталықтары да ашылды.

Тұрғындарға жүріп-тұруға рұқсат берілді. Халыққа қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, саябақта, алаңда қыдыруға рұқсат берілді. Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, карантин 25 мамырға дейін созылған. Кезең кезеңмен карантин шаралары алынды.

Карантин облысқа 30 наурызда енгізілген. Соңғы мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус 255 адамнан анықталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер